ТЖМ: өңірлерде апаттық-құтқару жұмыстары жалғасуда
Өңірлерде апаттық-құтқару жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауржан Сыздықов Үкіметтің елдегі су тасқыны жағдайы жөніндегі отырысында айтты,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі ҚР Президенті жанындағы ОКҚ сілтеме жасап. . Тәулік бойы қалыптасқан жағдай туралы азаматтарды хабардар ету және ақпараттандыру жүзеге асырылады. Зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсету үшін сенім телефондары жұмыс істейді. Су қоймалары мен өзендердің толымдылығына мониторинг жалғасуда. ТЖ вице-министрі хабарлағандай, су тасқыны салдарын жою бойынша іс-қимылдарды үйлестіруді жалғастыруда.
ТЖ, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктері, Ұлттық ұлан, Ұлттық қауіпсіздік комитет бөлімшелерінің, әкімдіктердің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Сонымен қатар еріктілер жұмылдырылды, олар ТЖ аймақтарында қажетті көмек көрсетуде. Жедел әрекет етуде, іс-қимыл үйлесімді.
Су тасқының жағдайы тұрақты-күрделі, батыс аймақтарда су аздап төмендеді, орталық, солтүстік және шығыс бөліктерінде керісінше өзендер деңгейінің қарқынды жоғарлауы байқалады.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында күрделі жағдай сақталуда. Бұл жерлерге дереу күштер мен құралдар жұмылдырылып жіберілді.
Су басу аймағында 5 облыстар қалуда, әкімдіктермен жергілікті ауқымдағы 20 төтенше жағдай жарияланды.
Су тасқыны кезінен бастап 15 мың 786 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның ішінде 6 мың 187 бала.
Қазіргі таңда уақытша орналастыру пункттерінде 4 113 адам, оның ішінде 1 911 бала. Олар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.
Су тасқыны белсенді кезеңге өтпеген елді мекендердесу басуға жол бермеу бойынша алдын алу шаралары күшейтілді.
Жалпы, алдын алу шаралары еліміздің 11 өңірінде 46 елді мекенді су тасқынынан қорғауға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, 5 өңірде 1 405 жеке үй, 372 аула аумағы, 99 саяжай және 10 ғимарат су астында қалды. 237 жеке тұрғын үйден және 939 аула аумағынан еріген қар суы бұрылды.
55 шайылған автожол учаскелері мен 4 көпірдің қалпына келтіру жұмыстары бақылауда. Көлік қатынасынсыз 50 елді мекен қалып отыр. Олармен үнемі байланыс жасалуда, әкімдіктер азық-түлік және дәрі-дәрмек резервтерін дайындады, олар уақытылы жеткізілді.