Ұлттық банк жасанды интеллектің көмегімен адамдарды алдайтын алаяқтардың пайда болғанын ескертеді

Ұлттық банк жасанды интеллектің көмегімен адамдарды алдайтын алаяқтардың пайда болғанын ескертеді

Қазақстанның Ұлттық банкі жасанды интеллекті пайдаланып телефон шалу арқылы алдайтын алаяқтық түрлерінің көбейіп кеткенін айтып ескертеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап, abaidan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық банк ел азаматтарын жасанды интеллектің көмегімен телефон алаяқтығының көбеюінен сақтандырады.

Қылмыскерлер әлеуметтік желілер, бұзылған мәліметтер базасы және қолжетімді жеке деректер сияқты ашық дереккөздерді пайдалана отырып, азаматтардың туыстары мен таныстары туралы ақпаратты белсенді түрде жинап жатқаны хабарланды. Содан кейін олар қоңырау шалу және дауыстық хабарламаларды жазу үшін белгісіз немесе жасырын телефон нөмірлерін пайдаланады.

Жасанды интеллект арқылы өңделген жалған дауыстық жазбаларды құрбандардан жеке ақпарат немесе қаражат алу үшін туыстары немесе жақын достарымыз деп көрсететін алаяқтар пайдаланады.