Жарма ауданына қарасты Шуақ ауылындағы қазандық істен шықты

Жарма ауданына қарасты Шуақ ауылындағы қазандық істен шықты

20.02.2024 ж. таңертең «Шуақ» жылу орталығындағы №1 қазандық тоқтады (себебі: экрандық құбырлардың жарылуы). Осыған байланысты № 2 резервтік қазандық іске қосылды,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Ауа райының температурасы (-30°С) ескеріле отырып, жылу желісіндегі судың температурсын біртіндеп жоғарылату қолға алынды. Сонымен қатар, тұтынушылар мен жылу құбырлары тексерілді.
Қазіргі уақытта қазандықтың жұмысын қадағалау мақсатында Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков, Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Серік Төленбергенов Шуақ ауылына арнайы барып, жағдайды бақылауда ұстауда. Қазандықтың жұмысы тоқтатылған жоқ.

Жарма ауданы Шуақ ауылын орталықтандырылған жылумен жабдықтауды «Жарма Су» КМК қазандығы қамтамасыз етеді. Оның тұтынушылары 283 абонент: 8 көппәтерлі тұрғын үй, фельдшерлік-акушерлік пункт, балабақша, мектеп және ОВ-156/21 колониясы.


#Абайская область, #отопление