"Қазгидромет" синоптиктерінің мәліметінше ертең, 24 қыркүйекте бірнеше өңірде қар мен жаңбыр жауып, үсік болады, деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын ( жаңбыр, қар) күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында 2 градус үсік жүреді күтіледі.






