Жолда қалғандарды тікұшақпен құтқарып жатыр

Жолда қалғандарды тікұшақпен құтқарып жатыр

Абай облысында қарлы боранның салдарынан жолда қалғандар тікұшақпен құтқарылып жатыр,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі  "Жол активтері сапасының" РМК Абай облысы филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. МИ-8 тікұшағы қар құрсауынан 29 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады. Барлығы Қалбатау ауылына жеткізілген. Оларға медициналық көмек қажет емес. Уақытша жылыту пунктіне орналастырылды. Өңірде соңғы екі тәулікте 80 сантиметрге дейінгі қалыңдықта қар түскен. Салдарынан автомобиль жолдарында қозғалыс қиындады. Себебі Іле ақтүтек боран соғып жолды көру, бағдарлау қиындаған. Осыған байланысты "ҚазАвтоЖол" және полиция бірлесіп жолда қалғандарды топқа бөліп діттеген жеріне жеткізу жұмыстары ұйымдастырылған. Әсіресе жағдай күрделенген " Аягөз-Қалбатау, Қалбатау-Семей, Қалбатау-Көкпекті" бағыттарында жағдай күрделі. Қалбатау-Көкпекті бағытында арнайы техникалардың көмегімен ауылға бет алған 60-қа жуяқ көлік  Байбура таулы аймағында  бораннан мүлде бағытты бағдарлай алмай қарға батып қалған. Өңірде бүгін ауа температурасы күрт төмендеп үскірік аяз -35 градусқа жеткен. Қазір республикалық және облыстық штаб құрылып жұмыс істеп жатыр. Ал Семей қаласында бір мезетте жарық өшіп қалған. Қапзір қайта қалпына келтірілді. Бірақ кейбір аудандарда электр жарығы оған қоса су берілмеген. Себептері анықталып жатыр.


#Абайская область, #Прогноз погоды, #дорога, #КазАвтоЖол, #«Национальный центр качества дорожных активов»