Жыл басынан облыс орталығында суға батудың 4 фактісі тіркелген

Жыл басынан облыс орталығында суға батудың 4 фактісі тіркелген

Жаз мезгілі басталғаннан бері облыс аумағында 10 адам суға кеткен. Бұл туралы Абай облысының Төтенше жағдайлар Департаменті бастығының орынбасары Азамат Орынбаев баяндады,деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі. Спикердің айтуынша, суға батқан 10 адамның үшеуі жасөспірімдер . 

Осы жағдайларға байланысты, төтенше жағдай департаменті қызметкерлері облыс тұрғындарына судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді. Сонымен қатар, Семей қаласы бойынша суға батудың  фактісі тіркелді. Бүгінде жазатайым оқиғалардын алдын алу үшін облыс бойынша 9 қайықты және 28 жаяу патруль қызмет атқарады. Атқарылған жұмыс нәтижесінде су айдындарында 21 адам құтқарылды. Шомылу маусымы басталғаннан бері су айдындарында 2000 - нан астам рейд жүргізілген. Рейдтік шаралар аясында, судағы қауіпсіздікті сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 412 бабы бойынша 75 адамға 960 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.


#Семей, #Абайская область, #вода