13 жасар қызды құтқарған полиция қызметкері жол апатынан мерт болды
Полицияның мәліметінше, Асхат Ахатов 2024 жылдың 18 қазанында жол апатына түскен. Абай облыстық полиция департаменті жол көлік оқиғасына түсініктеме берді.
"Омбы-Майқапшағай автожолында үш көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алған. Көліктердің соқтығысуы салдарынан үш адам мерт болған. Оның ішінде Семей қаласының полиция аға сержанты Асхат Ахатов бар". Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Естеріңізге салсақ , осы жылдың наурыз айында Семейде ер адам кішкентай қызды аңдып, оны құтқармақ болған полицейге үш рет пышақ сұққан болатын. 13 жасар қызды ерлікпен құтқарған Асхат Ахатов, қоян-қолтық ұрыс дағдыларын қолданып қаскөйдің пышағын тартып алған еді.
#Абайская область, #Полиция, #авария