Поздравляем со вступлением в силу народной Конституции
Чрезвычайная ситуация 1 268 просмотровabaidan.kz

В Абайском районе за один день сгорели четыре автомобиля

В Абайском районе за один день сгорели четыре автомобиля

11 желтоқсанда Абай облысында төрт көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды abaidan.kz ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 11 желтоқсан күні сағат 11: 00-де «101» пультіне Докучаев көшесінде «Gazelle» маркалы автокөліктің жанып жатқаны туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына барған өрт сөндірушілер жалпы ауданы 3 шаршы метрді қамтитын автокөліктің моторы, аспаптар панелі мен салонының отқа оранғанын анықтаған. Сағат 13:00 шамасында Мұхтар Әуезов даңғылында Audi-100 маркалы автокөліктің өртенгені туралы хабар түседі. Өрттің жалпы ауданы 2 шаршы метрді құрайды. Көліктің қозғалтқыш бөлшектері, алдыңғы дөңгелектері мен аспаптар панелі жанған. Жарты сағаттан кейін өрт сөндірушілер жаңа шақыруға шыққан. Белгілі болғандай, сағат 13: 18-де Центральная көшесінде ВАЗ-2114 маркалы автокөлік өртеніп кеткен.Оның қозғалтқыш бөлшектері өртенген. Сондай-ақ, Аягөз қаласында ВАЗ-2114 маркалы автокөліктің қозғалтқышы жанып кеткен.

 ТЖД хабарлауынша, барлық жағдайда зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынш,а өртке аса қауіпті агрегатты пайдалануда абайсыздық таныту себеп болған.