Абай облысында көлік жүргізіп келе жатып ұйықтап кеткен ер адам жол апатына себепкер болды, деп хабарлайды abaidan.kz.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше , жол-көлік оқиғасы 9 қаңтарда республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 659 шақырымында болған.
«Көлік тізгіндеп келе жатып ұйықтап кеткен «Lada Granta» көлігінің жүргізушісі жүк көлігімен соқтығысты. Жол апатынан кейін жеңіл көлік жыраға құлаған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ», - делінген ақпаратта. 30 жастағы ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.





