Абай облысында рөлде отырып ұйықтап кеткен жүргізуші жүк көлігіне соғылған

Абай облысында рөлде отырып ұйықтап кеткен жүргізуші жүк көлігіне соғылған

Абай облысында көлік жүргізіп келе жатып ұйықтап кеткен ер адам жол апатына себепкер болды, деп хабарлайды abaidan.kz.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше , жол-көлік оқиғасы 9 қаңтарда республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 659 шақырымында болған.

«Көлік тізгіндеп келе жатып ұйықтап кеткен «Lada Granta» көлігінің жүргізушісі жүк көлігімен соқтығысты. Жол апатынан кейін жеңіл көлік жыраға құлаған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ», - делінген ақпаратта. 30 жастағы ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.


#Чрезвычайная ситуация