Алматы қаласында лай көшкіні болды
8 ақпанда сағат 02.20-да Алматы қаласы Медеу ауданының Тау-Самал шағын ауданында алдын ала ақпарат бойынша техногендік сипаттағы топырақтың ылғалдануынан лай көшкен,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі ТЖ министрінің ресми ақпаратына ілтеме жасап.
Оқиға орнына дереу Қазселденқорғаудың, Алматы қ. 109 құтқару қызметінің, Республикалық жедел-құтқару жасағының, Алматы қ. ТЖД күштері мен құралдары жіберілді. Оқиға орнына келген кезде сырғыма салдарынан екі үйге зақым келгені анықталды.
Оқиға орнында ТЖД басшылығы бар. ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары тексеру жүргізуде.
Жағдайды талдауға сәйкес, қардың едәуір мөлшерінің түсуіне байланысты орта таулы және биік таулы аймақтарда таулардың беткейлеріндегі қардың тұрақсыздығына байланысты қар көшкіні қаупі бар.
Айта кетейік, бұл - еріген, жаңбыр немесе жер асты суларының балшық тәрізді күйге қанығуына байланысты ауырлық күшінің әсерінен төмен қарай жылжыған тереңдігі бір метрге дейінгі қуаты аз топырақ қабатының жолағы.
#Чрезвычайная ситуация, #Алматы