Алматыда лай көшкінінен кейін іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде
Алматыда лай көшкіні болған жерде жедел штаб құрылды,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі ТЖМ ресми сайтына сілтеме жасап. Қазіргі уақытта жеке тұрғын үйді балшық массасынан тазарту және адамдарды іздеу жұмыстары жүргізілуде.
182 маман мен 32 техника жұмылдырылды. Жедел медициналық жәрдем бригадалары жұмыс істеуде. Туыстары мен көршілеріне шұғыл психологиялық көмек көрсетілді.
Алматы қаласы ТЖД және Республикалық жедел-құтқару жасағының күштерімен алдын ала ақпарат бойынша топырақтың ылғалдануына байланысты техногендік сипаттағы жылжыманың түсуі салдарынан ғимараттың зақымдануы себебінен қаза тапқан алдын ала болжам бойынша 2007 жылғы жас жігіттің денесі табылды.
Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.
#Чрезвычайная ситуация, #Алматы