KAZ Minerals Limited-тің Абай облысындағы Орлов шахтасында қайғылы оқиға орын алды

KAZ Minerals Limited-тің Абай облысындағы Орлов шахтасында қайғылы оқиға орын алды

KAZ Minerals Limited Абай облысындағы Орлов шахтасында қайғылы оқиға орын алды,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі компанияның Корпоративті байланыстар бөлімінің ақпаратына сілтеме жасап. 2024 жылғы 19 қыркүйекте шамамен сағат 14.20-да Орлов шахтасында кәсіпорынның екі қызметкері жарақат алған Алдын - ала анықталған себебі – тау-кен массасының опырылуы. Алған жарақаттардың салдарынан зардап шеккендердің бірі ауруханада қайтыс болды. Екінші қызметкер медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтты. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, қайғылы жағдайды тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды. KAZ Minerals Директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук жазатайым оқиғаны тергеуге қатысу үшін өңірге барды. Компания қаза болған қызметкердің отбасына жан-жақты көмек көрсетеді,-делінген ақпаратта.

КAZ Minerals Limited  – Қазақстандағы заманауи, ірі ауқымды, азшығынды карьерлік типтегі тау-кен өндірісін дамытуға бағытталған, өсу әлеуеті зор мыс өндіруші компания. Компания операциялық іс-қызметін Абай облысында орналасқан Ақтоғай мыс кенішінде, Орлов кеніші мен фабрикасында және Павлодар облысындағы Бозшакөл кенішінде, Шығыс Қазақстан облысындағы екі кеніш пен кен байыту фабрикасында, Қырғызстандағы Бозымшақ мыс-алтын кенішінде жүргізеді. 2023 жылы мыстың жалпы өндіріс көлемі 403 мың тоннаны құрайды, ілеспе өнім ретінде 51 мың тонна концентраттағы мырыш, 162 мың унция алтын мен 4 млн унция күміс өндірілді. 

Негізгі өндірістік кәсіпорындары – Ақтоғай мен Бозшакөл – саладағы алдыңғы қатарлы даму көрсеткіштерін қамтамасыз етіп, KAZ Minerals-ты қорының басым бөлігі әлемдік деңгейдегі ашық түрдегі мыс кеніштерден тұратын компанияға айналдырды. Сульфидті кенді қайта өңдеу қуатын екі есе арттыратын Ақтоғайды кеңейту жобасы 2021 жылдың қазан айында іске қосылып, желтоқсан айында тұтынушыларға алғашқы өнім жеткізілді.

KAZ Minerals-та Қазақстан мен Қырғызстанда шамамен 14 000 адам жұмыс істейді.


#Абайская область, #шахта