Семейде жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Семейде жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

23 маусым күні сағат 11:00 шамасында Семей қаласында Морозов көшесінде орналасқан реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жол-көлік оқиғасы орын алды,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Алдын ала мәліметтер бойынша, ЗИЛ ММЗ 4502 маркалы автокөлікті басқарған 45 жастағы жүргізуші Шевченко көшесіне қарай қозғалып бара жатып, 35 жастағы әйелді қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты. Аталған факті бойынша адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын абайсызда бұзу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Олардың нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.


#Семей, #Абайская область, #автомашина