Семейде жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті
Семейдің орталығындағы қиылыста жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті, деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, оқыс жағдай Ибраев пен Уранхаев көшелерінің қиылысында болған.
"Жол-құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде жылу торабына жақын маңда жол жамылғысы опырылып түсті. 37 жастағы Шансиман жүргізушісі аталған учаскеден өтіп бара жатып, көлігімен пайда болған шұңқырға жартылай түсіп кеткен. Зардап шеккендер жоқ. Тек материалдық шығын келтірілген", - делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері аумақты қоршап, қауіпсіздік шараларын қабылдаған. Оқыс жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр.
#Семей, #Чрезвычайная ситуация