Ұлытау облысындағы шахтада апат болып, 7 адам төтенше жағдайда қалды

Ұлытау облысындағы шахтада апат болып, 7 адам төтенше жағдайда қалды

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында орналасқан «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның «Жомарт» кенішінде апат болды,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі   kaz.inform.kz сілтеме жасап. Ресми дерекке қарағанда, шахтада тау массасы құлаған. Төтенше жағдай аймағында шахтаның 7 қызметкері қалды. Қазіргі уақытта «АСС Серіктес» ЖШС құтқару бөлімшелері мамандары авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде.

Апат орнына Ұлытау және Қарағанды облыстары ТЖД күштері мен құралдары, оның ішінде кинологиялық есептоптар, Қазақстан ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері мен психологтары дерек жіберілді, - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.

ТЖМ Командалық орталығы және Ұлытау облысының ТЖД базасында жедел штабтар жұмыс істеуде.

ТЖМ-де «жедел желі» телефонының жұмысы ұйымдастырылды. Телефон нөмірі: 8 (7271) 55-96-21. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.


#Чрезвычайная ситуация, #шахта