"Дайын қаражатты басқара алмау": депутат ұлттық қор қаражатының азайғанын айтты

Депутат Нұртай Сабильянов Мәжілісте ұлттық қордан қаражат алу ісін тоқтатуға шақырып, қазынадағы қаражаттың азайғанын мәлімдеді, деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі  KAZ.NUR.KZ сілтеме жасап. Мәжілістегі "2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" тақырыпта талқылау барысында үкімет басшысына сұрақ қойылды. Сабильяновтың айтуынша, қордағы қаражат азайып кеткен. Ол халықтың ұлттық қор қаражатына деген назары ерекше болатынын, өйткені "әр ата-ана өз баласына ұлттық қордан қанша ақша түсті" деп күтіп отыратынын мәлімдеді. "Президент Ұлттық қордағы қаражатты 2030 жылға қарай 100 млрд АҚШ долларына жеткізу міндетін қойды. Алайда 2021 жылдың басында ұлттық қордағы қаражат 67 миллиард болса, қазір бар-жоғы 60 миллиард. Қордың қаражаты азайған. Енді 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ұлттық қордың инвестициялық табысынан балаларға қаражат аударыла бастайды. Бұған парламент тиісті заң қабылдады. Сондықтан да халықтың халықтың ұлттық қордың қаражатына деген назары ерекше болады. Өйткені әр ата-ана өз баласына ұлттық қордан қанша ақша түсті деп күтіп отырады. Сондықтан, менің ойымша, болашақта ұлттық қордан қаражат алуды тоқтату керек және оның тиімділігін арттыруымыз керек", - деді ол. Сондай-ақ Сабильянов ұлттық қорды пайдалану тиімсіз екенін айтты, себебі 2022 жылдың өзінде 1 трлн 300 миллиарттан аса шығын болған. "Дайын қаражатты басқара алмау дұрыс емес қой. Ал енді республикалық бюджеттің тапшылығы экономиканы дамыту арқылы жабылуы керек. Сұрағым, осы мәселені түпкілікті шешу үшін қандай шешім қабылданады?" - деп сұрады Сабильянов. Сұраққа үкімет басшысы Әлихан Смайылов жауап берді. Оның сөзінше, расында да, 2024 жылы ұлттық қордан тартылатын трансферлердің көлемі 1,6 триллион теңге болған. "Ол әлеуметтік маңызы бар және стратегиялық инфрақұрылымдағы жобаларды қаржыландыруға бағытталған. Сонымен қатар ұлттық қордан тартылатын қаражат нысаналы трансферттер жылдан жылға төмендейді. Оның орнын республикалық өз кірістері алады. Ол үшін біз, бірінші кезекте, тиісті инвестицияларды тартып, нақты секторды қаржыландыру мәселелерін шешеміз. Ол - мемлекеттік қолдау шаралары арқылы шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру. Қазіргі таңда біз 32 триллион теңге болатын 970 ірі инвестициялық жобаны іске асырудамыз. Олар 500 млн теңгеден асатын шикізат емес секторларындағы жобалар. Соның 400-і 4,6 трлн теңгеге келесі жылы іске асады", - деді Смайылов. Сонымен қатар ол барлық жобаны іске асыру үшін инфрақұрылымды жаңғырту керегін еске салды. "Сол үшін біз тарифті инвестицияға айырбастау бағдарламасын іске асырудамыз. Тарифтердің есебінен газбен, электр қуатымен, сумен, жылумен жабдықтау желілеріне және көздеріне 3 трлн теңгеден астам қаражат тартылады. Бұл инфрақұрылым жаңғырту басқа нақты секторының салаларына тікелей оң әсерін береді. Жалпы айтқанда, келесі жылдары экономикалық өсу қарқыны жоғарылайды. Қазіргі таңда 4,7 пайыз болса, келесі жылы 5,3 пайыз, 2026 жылға дейін 6 пайызға дейін өседі деп болжап отырмыз", - деді үкімет басшысы. Ол үшін ішкі республикалық бюджеттің өз кірістерін көбейту бойынша экономиканы ұлғайту шаралары жүріп жатыр екен. "Екіншіден, кедендік және салықтық әкімшілендіруді жақсартуымыз керек, цифрландырып, көлеңкелі экономиканы қысқартуымыз керек. Мысалы кейінгі 4 жылда осы шаралардың нәтижесінде республикалық бюджеттің өз кірістері 3 трлн теңгеге ұлғайтылды. Бұл жұмыстарды ары қарай жалғастырамыз", - деп жауап берді Смайылов. 


#мажилис, #Парламент, #Нуртай Сабильянов