Мәжіліс Су және Құрылыс кодекстерінің жобаларын жұмысқа алады

Мәжіліс Су және Құрылыс кодекстерінің жобаларын жұмысқа алады

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды,-деп хабарлайды abaidan.kz  тілшісі Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Депутаттардың талқылауына бірінші оқылымда экологиялық таза көлікті танымал ету және электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері туралы заң жобасы ұсынылады. Заң жобасы Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленді. Құжат электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамытуға, электр қозғалтқышы мен іштен жану қозғалтқышы бар көлік жүргізушілері арасындағы даулы мәселелерді шешуге, сондай-ақ электр зарядтау станцияларын орнату жөніндегі қызметті реттеу үшін құқықтық тетіктер құруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Мәжілістің қарауына Халықаралық су ағындарын кеме жүрмейтін пайдалану түрлерінің құқығы туралы конвенция мен ЕАЭО шеңберінде медициналық бұйымдар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге енгізілетін түзетулерді ратификациялау туралы заң жобалары енгізіледі. Алдағы жалпы отырыста Палата комитеттері бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа алады. Олар: «ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға енгізілетін түзетулер, Су және Құрылыс кодекстерінің жобалары, аумақтық қорғаныс туралы заң жобасы, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша түзетулер, сондай-ақ бірқатар халықаралық келісім.


#мажилис, #Парламент