Н.САБИЛЬЯНОВ: БАНКІЛЕРДІ БАЙЫТЫП ЖАТЫРМЫЗ

Н.САБИЛЬЯНОВ: БАНКІЛЕРДІ БАЙЫТЫП ЖАТЫРМЫЗ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Сабильянов мемлекет тарапынан банктерге берілетін қайтарымсыз қаражат мәселесін көтерді. 

Депутаттың айтуынша, банктер кәсіпкерлік субъектілеріне беретін несиенің жылдық пайызын төмен түсіру үшін мемлекет жылына субсидия ретінде 250-300 млрд.тенге жұмсайтын көрінеді. Бұл қайтарымсыз қаражат. Осындай қаражат алып отырған банктер экономикамызды белсенді қаржыландыруға атсалыспайды, несиенің пайызын түсірмейді. Банкілер несиені 22 пайызбен береді. Оның 14 пайыздайын субсидия ретінде мемлекет қайтарып берсе, 8 пайызын кәсіпкерлер өздері төлейді. Осылайша банктерді байытып жатырмыз. Ал есебін сұрасаң, банкілерде оның тізімі де жоқ. Өкініштісі, біз кәсіпкерлерді қолдаудың орнына банктерді байытып жатырмыз ,дейді Мәжілісмен. Сондай-ақ, ол алдағы уақытта осы мәселе бойынша нақты жұмыстар жүргізу керектігін айтты. 


#Парламент, #Нуртай Сабильянов