Поздравляем со вступлением в силу народной Конституции
Референдум 296 просмотровabaidan.kz

На избирательных участках в Абайской, Костанайской и Мангистауской областях возникли длинные очереди.

На избирательных участках в Абайской, Костанайской и Мангистауской областях возникли длинные очереди.

Еліміздің бірқатар өңірінде референдумға қатысушылардың белсенділігі жоғары. Атап айтқанда, Абай, Қостанай және Маңғыстау облыстарының тұрғындары таң атпастан сайлау учаскелеріне ағылып, өз таңдауларын жасауға асығуда.

Сағат 08:30-дағы жағдай бойынша, аталған аймақтарда сайлаушылар саны көбейіп келеді. Учаскелерде ұзын-сонар кезектер пайда болды, халықтың көңіл-күйі көтеріңкі. Оқырман назарына ұсынылған суреттер мен бейнежазбалардан азаматтардың достық пен бірлік атмосферасында дауыс беріп жатқанын көруге болады.

Айта кетейік, мұндай жоғары белсенділік республиканың өзге өңірлерінде де байқалады. Бұл бұқара үшін бүгінгі саяси науқанның маңызы зор екенін айғақтайды.