Абай облысында

Абай облысында "жабайы аңдар" дауыс беруде

Бүгін 6 қазанда Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша маңызды республикалық референдум өтіп жатыр. Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, Астана уақыты бойынша сағат 16:00-ге дейін 7 миллион адам дауыс берген. Солардың ішінде Абай облысы Мақаншы ауданында сайлаушылар ертегі кейіпкерлері кейпінде барып, таңдауларын жасаған.  Бұл туралы Аманат партиясының Абай облыстық филиалының әлеуметтік парақшасында жарияланған. 

 

Еліміздің болашағы үшін маңызды шарада мұндай әрекетке таң қалмасқа болмады. Оның қаншалықты орынды екені де түсініксіз. Бастысы - жауапты сәтті мазаққа айналдырып алмасақ болғаны. 

Суреттер әлеуметтік желідегі видеодан скрин жасалды.


#Референдум