Абай облысының Қоғамдық кеңесінің төрағасы Мейрамхат Айнабеков референдумда дауыс берді
Абай облысының Қоғамдық кеңесінің төрағасы Мейрамхат Айнабеков жалпыхалықтық референдумда өз таңдауын жасады. Ол Семей қаласындағы №31 жалпы білім беретін орта мектепте орналасқан референдум учаскесіне келіп, дауыс берді.
Мейрамхат Айнабеков бұл саяси науқанның ел болашағы үшін маңызы ерекше екенін атап өтті. Оның айтуынша, референдум – халықтың еркін білдіретін маңызды демократиялық тетік. Сондықтан әрбір азамат ел тағдырына бейжай қарамай, өз пікірін білдіруі қажет.
Сондай-ақ ол тұрғындарды белсенділік танытып, маңызды саяси оқиғаға қатысуға шақырды.
Айта кетейік, бүгін еліміз бойынша Жаңа Конституция жобасына қатысты жалпыхалықтық референдум өтіп жатыр. Абай облысының тұрғындары да маңызды науқанға белсенді қатысып, өз азаматтық ұстанымдарын білдіруде.