Аягөзде «Айтаңсық» әжелер ансамблінің мүшелері референдумда дауыс берді

Аягөзде «Айтаңсық» әжелер ансамблінің мүшелері референдумда дауыс берді

2026 жылғы 15 наурызда Аягөз қаласындағы №204 референдум учаскесінде «Айтаңсық» әжелер ансамблінің мүшелері дауыс берді.

Дауыс беру Абай бульвары, 12 мекенжайында орналасқан «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» мәдениет үйінің ғимаратында өтті.

Биыл құрылғанына 10 жыл толып отырған ансамбль мүшелері референдум учаскесіне көтеріңкі көңіл-күймен келіп, өз таңдауларын жасады. Ұлттық дәстүр мен рухани құндылықтарды насихаттап жүрген өнерлі әжелердің бұл қадамы азаматтық белсенділіктің үлгісі болды.

«Айтаңсық» әжелер ансамблінің мүшесі Жаңылхан Құласбаеваның айтуынша, ел болашағына қатысты маңызды шешімдерге қатысу – әрбір азаматтың жауапкершілігі.

– Бүгін еліміз үшін маңызды саяси науқан өтіп жатыр. Болашақ ұрпақ үшін жасалып жатқан өзгерістерге өз үлесімізді қосу үшін келіп, дауыс бердік. Елдің ертеңі бәрімізге ортақ, – деді ол.


#Референдум