Халықаралық ұйымдардың байқаушылары: алғаш рет дауыс бергендер саны көп

Халықаралық ұйымдардың байқаушылары: алғаш рет дауыс бергендер саны көп

АҚШ, салық және инвестициялар жөніндегі Халықаралық орталықтың (АҚШ) өкілі Уэсли Александер Хилл референдум барысын бақылау үшін әдейі ауылдық елді мекендерді таңдағанын айтты. Байқаушы сайлау учаскелері қызметкерлерінің дайындығы жоғары деңгейде екеніне, сондай-ақ азаматтық қоғам мен саяси партия өкілдерінің белсенділігіне ерекше назар аударды.

«Біздің тәжірибемізге сүйеніп және осы референдумды алдыңғы дауыс берулермен салыстырсақ, демографиялық өзгерістерге байланысты алғаш рет дауыс берген адамдар саны көбірек болды. Яғни көптеген адамдар алғаш рет тек 18 жасқа толғандықтан ғана емес, сонымен қатар нақты дауыс беруге мүмкіндік алғандықтан да дауыс берді. Қазіргі уақыттағы негізгі статистикалық көрсеткіштер осы», – деді спикер Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында.

Өз кезегінде Америка-Еуразия орталығының вице-президенті Ральф Винни алты сайлау учаскесіне барғанын айтты.

«Дауыс беру учаскелерінен шыққан адамдармен әңгімелесу өте қызықты болды. Олардың не ойлайтынын түсінгім келді. Көпшілігі Қазақстанның болашағы үшін дауыс бергенін айтты. Тек өз болашағы үшін ғана емес, әрине, бұл да маңызды, бірақ олар балалары мен немерелерінің болашағы үшін дауыс бергенін жеткізді», – деді спикер.


#Конституция, #Референдум