Қолөнер шебері Абылайхан Асылбай референдумда өз таңдауын жасады
Республикалық референдум барысында ел азаматтары белсенділік танытып, өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіруде. Солардың бірі — бірінші топтағы мүгедек, қолөнер шебері, желтоқсан оқиғасының куәгері Абылайхан Асылбай,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.
Мүмкіндігі шектеулі азамат ретінде ол референдум күні үйден дауыс беру мүмкіндігін пайдаланды. Учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері арнайы барып, заң талаптарына сәйкес дауыс беру рәсімін ұйымдастырды. Осылайша, Абылайхан Асылбай өз таңдауын жасап, ел болашағына қатысты маңызды шешімге үлес қосты.
Абылайхан Асылбай – ұлттық қолөнерді дәріптеп жүрген шебер, сонымен қатар 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының куәгері әрі қатысушысы. Ол әрдайым елдің қоғамдық-саяси өміріне бейжай қарамай, маңызды бастамаларға белсенді қатысып келеді.
Жалпы өңір бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтардың референдумға қатысуына барлық жағдай жасалған. Алдын ала 2164 мүмкіндігі шектеулі азаматтың деректері нақтыланып, олардың қай учаскеге тіркелгені тексерілді. Қажет болған жағдайда үйден дауыс беру мүмкіндігі де қарастырылған.
Референдум – ел тағдырына қатысты маңызды мәселелер бойынша халықтың пікірін білдіретін маңызды демократиялық құрал. Сондықтан мұндай саяси науқандарда әр азаматтың дауысы ерекше маңызға ие.
#Семей, #Абайская область, #Конституция, #Референдум