Мемлекет басшысы Үкімет жұмысына баға берді

Мемлекет басшысы Үкімет жұмысына баға берді

АЭС бойынша референдумда дауыс бергеннен кейін БАҚ өкілдеріне шағын сұхбат берген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел Үкіметінің жұмысын бағалады.

«Қазақстан Үкіметі қазіргі құрамда тура 7 ай жұмыс істеді. Референдумнан кейін оның құрамы өзгереді деген болжамдар айтылып жүр. Үкіметтің жұмысына көңіліңіз тола ма?» - деп сұрады Kazinform тілшісі Президенттен.

«Меніңше, Үкімет тырысып, белсенді жұмыс істеп жатыр. Мемлекет басшысы ретінде мен жүктеген тапсырмаларды орындап келеді. БАҚ-та көріне бермеуі мүмкін, біздегі жұмыс өте қауырт. Өйткені, ақпараттарды алып отырамын. Жалпы, мен оқитын адаммын. Сондықтан барлық оқиғадан үнемі хабардармын. Министрлердің, Үкімет басшылығының жұмысындағы кемшіліктерді айтып отырамын. Бірақ, 7 ай – қысқа ғана мерзім. Үкімет мүшелері өздерін көрсетуі тиіс. Басты міндет – еліміздің экономикалық өсім көздерін іздеу», - деп жауап берді Мемлекет басшысы.

АЭС

Фото: Б. Уәлидің facebook парақшасынан

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде атом электр стансасын салу бойынша референдумда дауыс бергенін жазған едік. 


#Президент РК, #АЭС, #Референдум