Референдум - Тәуелсіз Қазақстанның ең үлкен саяси науқаны- Асқар Қасымов

Референдум - Тәуелсіз Қазақстанның ең үлкен саяси науқаны- Асқар Қасымов

Шәкірім университеті физика және химия ғылымдары зерттеу мектебінің деканы Асқар Қасымов Семей қаласында №30 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Сондай-ақ, ол Қазақстандықтар үшін маңызды күн де өз таңдауын жасай отырып, референдум демократияның ең жоғарғы формасы, әр адамның өз пікірін білдіруге құқылы деп атап өтті.

- Бүгін үлкен науқан жүріп жатыр. Тәуелсіз елдегі әр азамат өз пікірін, өз таңдауын жасай алады. Еліміздің тарихи болашағы үшін дұрыс таңдау жасалу маңызды. Сондықтан барша жерлестерімізді бір кісідей ат салысып, референдумға келіп қолдау білдіруге шақырамын. Бұл мемлекетіміздің арықарай өркендей түсуіне үлкен қозғау болатынына сендімін, - деді Асқар Қасымов.


#Семей, #Абайская область, #Референдум