Семей қаласында республикалық референдум басталды

Семей қаласында республикалық референдум басталды

Бүгін, 15 наурыз күні Семей қаласында республикалық референдумға дауыс беру басталды. Таңғы сағат 07:00-ден бастап қаладағы барлық сайлау учаскелері өз жұмысын бастап, тұрғындарды қабылдауда.

Сайлау учаскелерінде бақылаушылар, комиссия мүшелері және құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп, дауыс беру процесінің ашық әрі заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз етуде. Қала тұрғындары өз азаматтық таңдауын жасау үшін белсенді түрде учаскелерге келуде.

Референдум кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында семейліктер өз таңдауларын жасап, маңызды қоғамдық-саяси оқиғаға қатыса алады.


#Семей, #Референдум