Тарихи күні әркім өз таңдауын жасады

Тарихи күні әркім өз таңдауын жасады

Бүгін еліміз үшін маңызды күн. Әрбір қазақстандық осы саяси науқанда өз таңдауын жасау арқылы еліміздің болашағы үшін қабылданатын маңызды саяси шешімге өз септігін тигізе алады. Тұрғындар таңертеңнен өз таңдауларын жасауда. Солардың бірі – желтоқсандық Қаспақпаева Жұлдыз Сәкенқызы.

— Бүгін ел үшін маңызды қадам жасайтын күн. Референдум – Жаңа Қазақстанның жарқын болашағы үшін ең маңызды оқиға. Әр адамның таңдауы бар. Дауыс беру – азаматтық, конституциялық борышымыз. Сол таңдауымды бүгінгі саяси науқанда жасадым, — дейді ол.

Жұлдыз СәкенқызыЖелтоқсан құрбаны, қазақтың батыр қызы Сә­бира Мұхамеджанованың курстасы. 


#АЭС, #Референдум