Жарқын Жұмаділов: референдумға белсенді қатысу – қоғамдағы тұрақтылықты нығайту жолы
Референдумда Абай облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Жарқын Жұмаділов өз таңдауын жасады. Басқарма басшысы референдумның ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқан екенін атап өтті.
«Референдум – ел дамуына әсер ететін маңызды саяси науқан. Әрбір азамат өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділік танытуы қажет», – деді Ішкі саясат басқармасының басшысы.
Ішкі саясат басқармасы өңірде мемлекеттік саясатты түсіндіру, азаматтық қоғам институттарын дамыту, қоғамдық келісімді сақтау және әлеуметтік маңызды жобаларды қолдау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізеді. Басқарма сондай-ақ жергілікті қоғамдық ұйымдармен, жастар мен волонтерлік қауымдастықтармен тығыз байланыс орнатып, азаматтық белсенділікті арттыруға үлес қосады.
Ішкі саясат басқармасының басшысы – тәжірибелі және білікті маман, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және өңірдегі азаматтық қоғамның дамуына бағытталған жүйелі жұмыстар атқаруда.
Республикалық референдум – халықтың пікірін білдіретін маңызды демократиялық институттардың бірі ретінде, азаматтық қоғам мен мемлекеттік саясат арасындағы өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.
#Абайская область, #Конституция, #Внутренняя политика, #Референдум