Тұрлыханов, Дайрабаев, Уәли Ұлттық Құрылтай құрамынан шығарылды

Тұрлыханов, Дайрабаев, Уәли Ұлттық Құрылтай құрамынан шығарылды

 Ұлттық Құрылтайдың құрамына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды abaidan.kz  тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ресми ақпаратта атап өтілгендей, Ұлттық құрылтай жұмысына жаңа қоғам өкілдері қосылды:

  • ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева,
  • "Қазақстан кәрістер қауымдастығы" ЗТБ төрағасы Юрий Шин,
  • Қазақстанның Еңбек Ері, Семей қаласындағы № 7 мектеп-лицейінің мұғалімі Алма Шұқыжанова,
  • ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұрлан Әуесбаев, Никита Шаталов,
  • Zhubanov university басқарма-төрағасы, ректор Лаура Қарабасова,
  • пара жеңіл атлетика бойынша спортшы Айсұлу Сүлейменова,
  • дүнген этносының көшбасшысы Лугмар Буларов,
  • "Азаттық рухы" ақпараттық агенттігінің тележүргізушісі, журналист Кристина Гринько тартылды.

#Президент РК, #Национальный Курултай