Абай облысы бойынша «AMANAT» партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының I форумы өтті
Абай облысында алғаш рет «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының форумы өтті.
Форумның негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының саяси реформаларының нәтижесі ретінде депуттар мен мәслихаттар жұмысындағы өзгерістерді ілгерілету. Барлық деңгейдегі депутаттардың қызметтерін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын дамыту.
Форумда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын жүзеге асыру аясында өңірлерді дамыту, 2023-2027 жылдарға арналған Абай облысы бойынша «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалуы және мәслихаттардың өкілеттігін кеңейту мәселелері талқыланды. Шара тәжірибе және идеялармен бөлісуге, жергілікті атқарушы билікпен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беретін үлкен диалог алаңына айналды.
Форумға Абай облысының әкімі Н. Т. Ұранқаев және «AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттың төрағасы Қ.С. Сүлейменов, «AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының атқарушы хатшысы С.Ә.Ысқақов және облыстың барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, БАҚ өкілдері қатысты.
#Семей, #Абайская область, #депутат, #форум, #маслихат