Баспасөз хатшысы Тоқаевтың Париж Олимпиадасына бармайтынын мәлімдеді

Баспасөз хатшысы Тоқаевтың Париж Олимпиадасына бармайтынын мәлімдеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Париждегі Олимпиадаға бармайды. Бұл сапар мемлекет басшысының жұмыс кестесіне енбеген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ сілтеме жасап, abaidan.kz агенттігі хабарлайды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Париждегі Олимпиадаға бармайды. Бұл туралы президент кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді. "Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс кестесінде Париждегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысуы қарастырылмаған", - деп түсіндірді Берік Уәли. 


#Президент РК, #олимпиада