Ертең ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы төрағасының орынбасары Қазақстанға келеді

Ертең ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы төрағасының орынбасары Қазақстанға келеді

23-27 қаңтарда ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы төрағасының орынбасары Хао Мин Зиннің Қазақстанға сапары өтеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі KAZINFORM сілтеме жасап. 

— 23-27 қаңтарда ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы төрағасының орынбасары Хао Мин Зин Қазақстанға келеді. Сапар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған. Оның аясында ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің төрағалары Мәулен Әшімбаевпен және Ерлан Қошановпен келіссөз, Мәжіліс төрағасының орынбасары Альберт Раумен, Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Роман Склярмен, сондай-ақ Алматы қаласы мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиевпен кездесуі жоспарланған, — деді СІМ ресми өкілі.


#Китай, #Казахстан