Абай облысының әкімдігі сайлау комиссиясының мүшелерін құттықтады

Абай облысының әкімдігі сайлау комиссиясының мүшелерін құттықтады

Абай облысында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының құрылғанына 30 жыл толуына орай салтанатты шара өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Облыс әкімі аппаратының басшысы Жасұлан Сәрсебаев ,Тәуелсіздік кезеңінде еліміздің сайлау органдары маңызды кезеңнен өтіп, мемлекеттік биліктің негізгі институттарының дамуына зор үлес қосқанын ерекше атап өтті. 

«Сайлау комиссиялары өз жұмысында сайлау құқығы саласында белгіленген халықаралық стандарттарды ұстанып, жергілікті атқарушы органдармен ынтымақтастықты сақтап, қоғаммен ашық диалог құрып отыр. Абай облысындағы аумақтық сайлау комиссиясы өңіріміздегі сайлау үдерістерін реттеу саласындағы алғашқы органдардың бірі болды», - деді ол.Абай облысы құрылған сәттен бастап Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарының, Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарының, Абай ауданы мен Курчатов қаласы әкімдерінің, яғни 60-тан астам ауыл әкімдерінің сайлауы да ойдағыдай өтті.

Шара барысында облыс аудандарының аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және Абай облысы әкімінің Алғыс хаттары табыс етілді.


#Абайская область, #выборы