Желтоқсандықтар қала әкімін сайлауда белсенділік танытты
Семейлік желтоқсандықтар қала әкімін сайлау науқанына қатысып, өз таңдауларын жасап қана қоймай, қазіргі мемлекеттік саясат пен реформаларға қатысты да өз ұстанымдарын білдірді. Олардың айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан саяси жаңғыру мен басқару жүйесін реформалау бағытындағы өзгерістер ел болашағы үшін аса маңызды. Желтоқсан оқиғасының ардагерлері бұл сайлауды — демократиялық қоғам құру жолындағы нақты қадам деп бағалап отыр.
"Біз, желтоқсандықтар, халықтың еркіндігі мен әділетті қоғам үшін күрескен ұрпақпыз. Бүгінгі бастамалар сол күрестің жемісі деп білеміз. Президенттің 'Халық үніне құлақ асатын мемлекет' тұжырымдамасы жүзеге асып келеді. Қала әкімін халықтың өзі сайлауы — соның айқын көрінісі," — дейді.Желтоқсандық Мырзасадық Саябаев.

Сонымен қатар, олар жаңа реформалар жастар үшін, болашақ ұрпақ үшін үлкен мүмкіндік екенін атап өтті. Әсіресе, жергілікті басқару саласындағы ашықтық пен есептілік елдің дамуына серпін беретінін жеткізді.

"Бүгін дауыс беру арқылы біз тек әкімді ғана таңдап отырған жоқпыз, біз еліміздің болашағын, өзіміз сенетін бағытты таңдап жатырмыз. Реформалар жалғасуы керек. Біз — Президенттің саясатын қолдаймыз," — деді желтоқсандық Нұрлан мен Сұлушаш Әубәкіровтер.
#Семей, #Абайская область, #выборы