45 күн қалды: Ұйымдастыру комитеті Көшпенділер ойындарында Делегация орналасатын қонақ үйлер жұмысымен таныстырды

45 күн қалды: Ұйымдастыру комитеті Көшпенділер ойындарында Делегация орналасатын қонақ үйлер жұмысымен таныстырды

25 шілде күні 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекция Ойындарға келетін делагацияларды орналастыру және Ойындар кезінде қонақ үйлер қызметін жүйелеу бағыты бойынша атқарылған жұмыстар барысымен таныстырды. Бұл туралы abaidan.kz агенттігі 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу Дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Дирекция басшысы  Наиль Нұров ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевқа Holiday Inn Express Astana-Turan қонақ үйіндегі жұмыстарды таныстырумен бастады. Жұмыс тобы қонақ үйге кіретін бағыттардан бастап, көшедегі навигация көрсетілімі, көліктер мен автобустарды Ойындар стилінде безендіру, қонақ үйлердегі волонтерлар қызметін, қонақ үйде Делегация мүшелері орналасатын бөлмелер мен ас мәзірімен (таңғы, түскі, кешкі ас) таныстырды. Арнайы штаб қонақ үй мәселесімен танысқан соң, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе жек сарайына аттанды. 

Штаб мүшелері Жекпе-жек сарайындағы жиынды автотұрақ алаңының жұмысымен танысудан бастады. Жауапты мамандар объектіге кіруді басқару және бақылау жүйесін, билеттерді тексеру қызметін, аккредитация (бейдж) мен билеттердегі QR кодтар арқылы көрермендерді кіргізу жұмыстарының қалай жүргізілетінін пысықтады.

Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі - ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі - Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.


#Спорт, #Всемирные игры кочевников