5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында «Ұлы Дала Ойындары» ұлттық спорт түрлерінен фестиваль өтті

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында «Ұлы Дала Ойындары» ұлттық спорт түрлерінен фестиваль өтті

Алматы қаласының ипподромында ұлттық спорт түрлерінен дәстүрлі «Ұлы дала ойындары» фестивалі өтті.

Фестиваль еліміздің түкпір-түкпірінен ең мықты, ең епті шабандоздардың, Алматы қаласының елшілері мен батырлардың басын қосты. «Көкпар», «Аударыспақ», «Теңге ілу», «Жамбы ату», «Асық ату», «Тоғызқұмалақ», «Қазақ күресі», «Бәйге» сынды спорт түрлерінен 700-ден астам қатысушы бақ сынады.
 

«Біздің мақсатымыз – ұлттық спортты кеңінен насихаттап, оның дамуына ықпал ету. Бүгін 2000-ға жуық адам келді. Сайыс барысында қатысушылар саны артады деп ойлаймыз. Қазір Аламан бәйгеге 63, Құнан бәйгеге 33 сәйгүлік қатысуда!», - деді фестивальді ұйымдастырушы Бауыржан Талғатұлы.

«Құнан бәйгеде» алматылық Абзал Тұрысбек бірінші, астаналық Ерсұлтан Жарқын екінші, үшінші орынды Алматы облысынан Азамат Ақын, төртінші орынды Жамбыл облысының өкілі Арнұр Саматұлы және бесінші орынды Алматы облысынан келген Айбек Үшкемпір иеленді.
Жүлде қоры бірінші орынға 1 миллион теңге, 2 орынға 500 мың теңге және 3 орынға 250 мың теңге, 4 орынға 150 мың теңге және 5 орынға 100 мың теңге болды.

«Аламан бәйгеде» бірінші орынды Жетісу өңірінен келген Әлихан Болатханұлы, екінші орынды Нұрәлі Болат, үшінші орынды Еларыс, төртінші орынды Ақпейіл Көшпейілұлы, бесінші орынды Алматы облысынан келген Аян Сұлтан иеленді.

Жүлде қоры 1-ші орынға – 1 млн 500 мың теңге, 2-орынға – 600 мың және 3-орынға – 400 мың теңге, 4-орынға – 300 мың теңге және 5-орынға – 200 мың теңге.

Сонымен қатар, қолөнер жәрмеңкесі, қол күресі, гір көтеру, тоғызқұмалақ және асық ату бойынша турнирлер өткізілді. Қол күресінен 170-тен астам адам, гір көтеруден 40 адам қатысты. Көрермендер әсерлі жарыстардан бөлек, жыртқыш құстар мен аңшы иттерді тамашалады.
 

Фестиваль қонақтары мен қатысушыларына «Алашұлы» тобы, «Сұлтан сері» этно орталығы және «Топ жарған» өнер көрсетті.


#Всемирные игры кочевников, #Национальные игры, #асык ату, #тогызкумалак, #борьба