7 мамырда Семей қаласында SEITKHAN CUP республикалық турнирі өтеді
SEITKHAN CUP – бұл жай ғана турнир емес. Бұл - құрмет. Бұл - рух. Бұл - тарих.
Қазақ журналистикасының аңыз тұлғасы, көрнекті комментатор Амангелді Сейітханды еске алу үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен БАҚ өкілдері тұңғыштар мекені, Алаштың астанасы Семейде бас қосады.

Қалам ұстағандар доп тебеді.
Микрофон ұстағандар жеңіс үшін айқасады.
7 мамыр - тек матч емес.
Бұл - тағзым.
Бұл - тартыс.
Бұл - ТҰЛҒАҒА ҚҰРМЕТ.
Турнирдің бас қолдаушысы - Абай облысының әкімдігі
Турнирдің ұйымдастырушысы - BAQ LIGA - Qazaqstan jurnalister ligasy