Абай облысы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қызу дайындық үстінде.

Абай облысы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қызу дайындық үстінде.

Дүниежүзілік көшпенділер ойынына облыстан 200-ден астам адам қатысады деп күтілуде. Ойындарға дайындық аясында облыста қазақ күресі, жекпе-жек, дәстүрлі садақ ату және тоғызқұмалақтан жарыстар өтті.

Алдағы ойындарда қазақ күресі, алыптар жарысы, мас-рестлингтен және басқа да дәстүрлі спорт түрлерінен облысымыздың бес спортшысы қатысады деп күтілуде.

Спортшылар қызу дайындықты Қырғызстандағы оқу-жаттығу жиындарында жүргізіп жатыр. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушылардың арасында құсбегі Ерзат Байқадамов пен мас-рестлингтен Дулат Барлықов бар. Олар жарысқа қатысу лицензиясына ие. Қазақ күресінен қатысуға үміткерлер – Роза Нысантайқызы мен Ерсін Сейтқазинов, Дидар Тұқышов пен Зарина Сарипова (2022 жылы Түркияда 4-ДКО жеңімпазы), Әсет Ахметжанов пен Дәурен Нұралинов іріктеу нәтижесін күтуде.

Қатысушылар физикалық дайындығы мен техникалық дағдыларын жетілдіру үшін белсенді түрде жаттығуда. Ойындарда жақсы нәтижелерге жету үшін стратегия, төзімділікке және әдіс-тәсілге ерекше назар аударылады.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Абай облысының амбассадоры ретінде ауыр салмақтағы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қазақ күресінен Қазақстан чемпионы Айбек Нұғымаров, қазақ күресі бойынша екі дүркін әлем чемпионы, Qazaqstan Barysy және Dala Qyrandary турнирлерінің жеңімпазы Мұхит Тұрсынов және мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Мерей Карт таңдалды.


#Всемирные игры кочевников, #Национальные игры, #асык ату, #тогызкумалак, #борьба