Абай облысы тоғызқұмалақ федерациясының президенті сайланды

Абай облысы тоғызқұмалақ федерациясының президенті сайланды

Абай облысы тоғызқұмалақ федерациясының кезекті жиынында федерация президенті болып Жарқын Түсіпбекұлы сайланды. Бұл шешім ұлттық зияткерлік спорт түрінің өңірдегі дамуына тың серпін беретін маңызды қадам болды.

Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлы ерекше құрметтеген тоғызқұмалақ ойыны – қазақ халқының терең ойы мен даналығын бейнелейтін ұлттық мұра. Осы асыл қазынаны дәріптеу, жас ұрпақтың санасына сіңіру Абай облысы үшін айрықша мәнге ие. Бүгінде өңірде тоғызқұмалаққа он көзбен қарап, оның болашағына зор сеніммен қарау қалыптасып келеді.

Жаңа президенттің жетекшілігімен облыста тоғызқұмалақты кеңінен насихаттау, жасөспірімдер мен жастар арасында бұқаралық сипатқа айналдыру, кәсіби спортшыларды даярлау және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті спортшыларды шығару бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіледі деп күтілуде.
Бұл сайлау — Абай елінде ұлттық спорттың өркендеп, зияткерлік мұрамыздың лайықты жалғасын табуына жол ашатын маңызды белес.


#Абайская область, #Спорт, #тогызкумалак