Поздравляем со вступлением в силу народной Конституции
Спорт 1 120 просмотровabaidan.kz

Дидар Тукышев – победитель V Всемирных игр кочевников

Дидар Тукышев – победитель V Всемирных игр кочевников

Абай облысының атынан қазақ күресінен сайысқа түскен көкпектілік Дидар Түқышев V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жеңімпаз атанып, ел мерейін асырды. 

66 келі салмақ дәрежесінде бозкілемге шыққан спортшы өзінің шеберлігі мен қайсарлығын танытып, қарсыластарының барлығын айқын басымдылықпен жеңді. Осылайша, Қазақстанның намысын қорғап, қоржынға алтын медаль салды.

Бұл жеңіс тек Абай облысы ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін үлкен мәртебе болып табылады. Дидар Түқышевтің қажырлы еңбегі мен қайсарлығы, ұлттық спортты насихаттаудағы үлесі қазақ күресінің халықаралық деңгейде танылуына өз септігін тигізуде.