Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында халықаралық блогерлер
29 шілде күні 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы «Qazaqstan» жеңіл атлетика кешенінде шетелдік блогерлерге отандық туризмді дамыту перспективалары мен презентациясын және ұлттық спорт түрлері элементтерін көрсете отырып, кездесу өткізді. Бұл туралы abaidan.kz агенттігі 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу Дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Іс-шараға 8 мемлекеттен, атап айтқанда, Таиланд, Малайзия, Қытай, Оман, Түркия, Әзірбайжан, Вьетнам, Италия және Қырғызстаннан 11 шетелдік блогер қатысты.
Қатысушылар арасында малайзиялық Nur Ruhainies Farehah, Instagram-да 1,7 миллион және TikTok-та 738,7 мың жазылушысы бар актриса және жүргізуші, Қытайдан келген Wang Jianing, Xiaohongshu, Douyin және Weibo-да үлкен оқырманы бар фуд-блогер сияқты халықаралық блогерлер бар. Іс-шара аясында қонақтар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ұсынылатын қазақ күресі, құсбегілік, асық ату, тоғызқұмалақ, мангала, овари, мас-рестлинг және дәстүрлі садақ ату спорт түрлерімен танысты. Бұл іс-шара еліміздің оң имиджін, туристік әлеуетін және Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын миллиондаған шетелдік блогерлер аудиториясына насихаттауға мүмкіндік береді.
Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі - ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі - Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
#Спорт, #Всемирные игры кочевников