Поздравляем со вступлением в силу народной Конституции
Спорт 1 080 просмотровabaidan.kz

Летняя Универсиада в Китае: Казахстан получил первую медаль

Летняя Универсиада в Китае: Казахстан получил первую медаль

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Sports.kz сайтынан алынған мәліметке қарағанда, дзюдошы Сұңғат Жұбатқан үздік үштікке ілікті.

Сұңғат қола жүлде үшін белдесуде өзбекстандық Абдурахим Нутфуллоевты ұтты.

Жарыс барысында С.Жұбатқан мажарстандық, түрікменстандық және әзербайжандық дзюдошыларды қапы қалдырды. Тек жартылай финалда жапониялық спортшыға жол берді.

Универсиада 28 шілде – 8 тамыз аралығында өтеді. Онда 10 спорт түрі бойынша 90 қазақстандық сынға түседі.