Назым Қызайбай Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды

Назым Қызайбай Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды

Назым Қызайбай Франция астанасы Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокс бәсекесінің жартылай финалында бақ сынады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ сілтеме жасап, abaidan.kz агенттігі хабарлайды. Назым Қызайбай жартылай финалда Қытай спортшысы Ву Юмен кездесті. Нәтижесінде Назым Қызайбай бұл жекпе-жекте 4:1 есебімен жеңіліс тауып, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Қытайлық боксшы Ву Ю Азия ойындарында топ жарған, сондай-ақ әлем чемпионы атанған тәжірибелі боксшы. Назым Қызайбай үшін бұл алғашқы Олимпиада. Қазақстандық боксшы бұған дейін әлем чемпионатында екі мәрте алтын алып, бір мәрте қола медаль еншілеген. Сонымен бірге Азия чемпионы атанған. 


#Спорт, #олимпиада