Семей–Қарауыл бағытымен 180 шақырымдық ультрамарафон басталды

Семей–Қарауыл бағытымен 180 шақырымдық ультрамарафон басталды

Семей – Қарауыл бағыты бойынша 180 шақырымдық  ультрамарафон бастау алды. Ауқымды спорттық шара Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында Семей қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізіліп отыр. Желаяқтар сайысына Қазақстанның әр өңірінен 30-дан астам спортшы қатысуға ниет білдірген. Айта кетейік жарыс екі түрлі жас санатында 40 жасқа дейін және 40 жастан кейінгі қатысушылар арасында өтуде.

Марафонға  қатысушылар арасында ең жасы үлкені – Астанадан келген 64 жастағы Байзақ Талапнұр. Ол – спортпен 40 жылдан астам уақыттан бері айналысып келе жатқан тәжірибелі марафоншы. Бұған дейін де бірнеше халықаралық жарыстарға қатысып үлгерген желаяқ, бұл жолы да Қарауылтөбені бетке алып, өзгелерге үлгі боларлық жігер көрсетті.

Жарыстың жалпы жүлде қоры – 10 000 000 теңге. Сонымен қатар 6–10 орынға дейін ақшалай жүлде – 100 000 теңгеден беріледі. АБСОЛЮТ ЖЕҢІМПАЗҒА – JETOUR X50 автокөлігі табысталады. Бұл – қатысушылар үшін үлкен ынталандыру әрі елімізде ультрамарафон сынды күрделі спорт түрінің дамуына серпін беретін ерекше сыйлық болмақ. Бәсі жоғары бәсекеге қатысып жақтан споршыларда ерекше дайындықпен келгенін атап өтті.

Ультрамарафоншыларға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында ұйымдастырушылар әр 10 шақырым сайын 17 тамақтану және қалпына келу пунктін әзірлеген. Сонымен қатар, спортшылар мәреге жеткен соң демалуы мен қалпына келуіне барлық қажетті жағдайлар жасалған.


#Абайская область, #марафон, #180 лет со дня рождения Абая Кунанбаева