Семейде дәстүрлі Абай марафоны өтті

Семейде дәстүрлі Абай марафоны өтті

Абай облысы құрылғалы желаяқтар жарысы екінші рет ұйымдастырлып отыр,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі. Биылғы жарысқа 250 адам қатысуға ниет білдерген. Арасында елімізге танымал марафоншылар бар. Оған қоса қала тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялар өкілдері де ұжымдарымен сынға түсті.

Жүйріктер қала көшелерімен жүгіріп 5-10-21 шақырым қашықтықты бағындырды. Ең үздіктер естелік сыйлықтар мен медальдармен марапатталды. Басты мақсат-Салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спорттың дамуына үлес қосу-дейді қатысушылар.

-Біз ұжымнан бірнеше адам осы жарысқа қатысып отырмыз. Өзім 21 шақырым қашықтыққа жүгірдім. Мұндай шаралардың маңыздығы өте жоғары. Біріншіден адам өзін сынап көреді. Екіншіден ұжымдық рухты қалыптастырады. Сондай-ақ жастарға үлгі болып, спортты насихаттап отыруды ұмытпаған жөн, -дейді «Жол активтері сапасының ұлттық орталығының»  Абай облысындағы филиал басшысы, Фурхат Азатұлы.


#Семей, #Абайская область, #Спорт