Семейде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Чемпионаты өтеді
10-13 қараша күндері Семейде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді. Ел біріншілігі «Абай Арена» спорт кешенінде ұйымдастырылады. Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан барлығы 600-ден астам татами шебері қатысады деп жоспарланған.
Қазақстан чемпионаты нәтижесінде 2025-2026 жылғы жаңа маусымға ұлттық құрама жасақталатын болады. Төрт күнге жоспарланған жарыста ерлер мен әйелдер 14 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды. Cондай- ақ, аралас-командалық жарыстың жеңімпазына Қазақстан кубогі табысталады.
Жарыс Қазақстан дзюдо федерациясының YouTube арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының 2025 жылғы Чемпионатының бағдарламасы
10 қараша
Жарыстың ашылу салтанаты - 10:00
Жарыстың басталуы - 10:30
Финалдық бөлім - 17:00
Әйелдер: -48 кг, -52 кг
Ерлер: -60 кг, -66 кг
11 қараша
Жарыстың басталуы - 10:00
Финалдық бөлім - 17:00
Әйелдер: -57 кг, -63 кг, -70 кг
Ерлер: -73 кг, -81 кг
12 қараша
Жарыстың басталуы - 10:00
Финалдық бөлім - 17:00
Әйелдер: -78 кг, +78 кг
Ерлер: -90 кг, -100 кг, +100 кг
13 қараша
Аралас-командалық жарыс
Басталуы - 10:00
Финалдық бөлім - 15:00