Семейде жылдам шахматтан қалалық турнир өтті
Семей қаласында 6–7 маусым күндері жылдам шахматтан қалалық турнир ұйымдастырылды. Зияткерлік додаға қаладағы әртүрлі жас санатындағы 73 шахматшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Екі күнге созылған жарыс барысында қатысушылар жоғары шеберлік пен тартысты ойын өрнегін көрсетті. Турнир қорытындысы бойынша ерлер арасында І орынды Диас Теміртасов иеленсе, ІІ орынға Сұлтан Шералы, ал ІІІ орынға Алдияр Мұратов лайық деп танылды.

Қыздар арасындағы сайыста Ажар Қалданова жеңімпаз атанды. ІІ орынды Алина Мусина еншілесе, ІІІ орын Балжан Кәрімоваға бұйырды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталып, ұйымдастырушылар тарапынан алғысқа ие болды. Турнир шахмат спортының дамуына және қала тұрғындарының зияткерлік ойындарға қызығушылығын арттыруға өз үлесін қосты.
