«Social project management» орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен NEET санатындағы жастар арасында киберспорттан турнир өтті

«Social project management» орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен NEET санатындағы жастар арасында киберспорттан турнир өтті

2024 жылғы 19 тамызда, сағ.10.00-де Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Дүйсенбілік спорт» жобасы бойынша «Social project management» орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен NEET санатындағы жастар арасында киберспорттан турнир өтті. Бұл туралы abaidan.kz агенттігі хабарлайды. 

Алдыңғы қатарлы елдерде дамып келе жатқан киберспорт түрін дамыту және жастарды қолдау мақсатындағы аталмыш шараға базардан, сауда орталықтарында жұмыс істейтін және жұмыссыз жүрген жастардан 30 қатысушы бақтарын сынады. Бұған дейін «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында Алматы қаласы базар жастарының арасында шағын футболдан, волейболдан сонымен қатар үстел теннисінен турнир өткен болатын.

Турнирде жастар футбол «ФИФА-2024» түрінен додаға түсті.. Сайысқа түскен жастар арасында ұсыныс айтқандар да болды.

Тәмен Ақжол: 

«Бәрінің айтатыны – Компьютер ойындары жаман. Жеке пікірім – бұндай ойдан арылу керек. Бұндай топтық ойындар  адамның ойлау қабілетін дамытады.Әрине, көпшілігіңіз келіспеулеріңіз мүмкін, болашағымыз осы компьютермен байланысты болатындығын айтқым келіп отыр.        Жастардың демалыс уақытын тиімді пайдалануына, ұтымды әрекет етуге, көңілін сергітуге, сенімді қадам жасауға баулу. Және жастардың қызығушылығын арттыру мақсатында жыл сайын дәстүрге айналған «Дүйсенбілік спорт» жобасын аясындағы осы шараға қатысқанымызға қуаныштымыз!Тағы бір айтайын дегенім,жастар арасында аймақтық кейін республикалық деңгейде өткізсеңіздер деген ұсынысымыз бар.»

Өзара бақ сынасқан турнирReal ойын клубында жоғары деңгейде өтті. Алғашқы іріктеу кезінде 2 топқа бөлініп, өзара іріктеу ойындарын өткізді. Ширек финал мен жартылай финалдық сайысқа сүрінбей жеткен жастар арасындағы ойын тартысты өтті.

 «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында өткен киберспорт турнирінің қортындысы бойынша, жеңімпаз Жәнібек Кенжебайұлына кубокпен 250 мың теңгенің, екінші орын алған Асылбай Ерланға 150 мың теңгенің, үшінші орын алған екі қатысушы Ержан Нұржанға және Файзулла Дидарға 50 мың теңгенің сертификаттары табыс етілді. Енді алдағы уақытта «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында NEET санатындағы жастар арасында баскетболдан кемінде 16 команданың, қатысуымен турнир ұйымдастыру жоспарда бар. 

Жарысқа қатысушылар турнирден жақсы әсер алып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді


#Алматы, #молодежь